×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Трамп: ХАМАС-тан азат еткендер арасында АҚШ азаматтары неге жоқ

26.11.2023, 15:50
pixabay.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысы кепілге алғандардың арасында америкалықтардың болмауын елге деген құрметсіздіктің көрінісі деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаткер Truth Social әлеуметтік желісінде атап өткендей, 7 қазанда Израильде тұтқынға алынған АҚШ азаматтарының бірде-біреуі әлі босатылған жоқ.

«Бұның бір ғана себебі бар – елімізге, оның басшылығына деген құрмет жоқ. Бұл Америка үшін өте қайғылы әрі қараңғы уақыт», - деді Трамп.

Саясаткердің сөзінше, қазіргі ахуал ХАМАС-тың тиімді келісімге үміттеніп отырғанын көрсетеді, алайда мұның «аяғы жақсы болмайды».

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильмен келісім аясында кепілге алынған екі топты босатқан болатын.

Бұл босату Израиль мен Хамас арасындағы төрт күндік атысты тоқтатудың бір бөлігі ретінде жасалды.

Серіктес жаңалықтары