×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Jah Khalib-тің жанкүйерлері Ташкентте шеруге шықты

26.11.2023, 16:22
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық әртіс Бақтияр Мамедовтың (Jah Khalib) Ташкенттегі концерттік алаңның алдында өнер көрсетуі кезінде оның мыңдаған жанкүйерлері жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Gazeta.uz жазғандай, тіпті билеті бар адамдар Humo Arena алаңына кіре алмады, сол себептен де жиналғандар наразылығын білдірді. Бір уақытта жағдай жаппай тәртіпсіздік пен төбелеске ұласты.

Елдің Ұлттық ұланынан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Бұзақылар дереу аренаның сыртына қауіпсіз жерге жеткізілді», – делінген ақпаратта.

Ведомство оқиғаны зерттеп жатыр және жақын арада тексеру нәтижесін хабарлауға уәде берді.

Jah Khalib-тің Украинаға қолдау көрсетуіне байланысты Ресейдегі концерттері өтпей қалғаны бұған дейін жазылған болатын.

Серіктес жаңалықтары