×
$
458.13
€
502.29
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.13
€
502.29
₽
5.58

Албанияның Тәуелсіздік күні жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Бүгін, 10:49
Албанияның Тәуелсіздік күні жаппай тәртіпсіздікке ұласты
АР

Албания астанасы Тиранада Тәуелсіздік күнін мерекелеу жаппай наразылық пен полициямен қақтығысқа ұласты. Мыңдаған адам көшеге шығып, премьер-министр Эди Раманың отставкаға кетуін талап етті. Тәртіпсіздік кезінде кемінде 35 адам зардап шекті. Олардың арасында полиция қызметкерлері мен журналистер де бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда орталығындағы қақтығыс

AFP агенттігінің жазуынша, наразылық шаралары Албания тәуелсіздігінің 114 жылдығын атап өткен 28 қарашада өтті. Үкімет саясатына наразы мыңдаған адам Тиранада бас қосты.

Бір мезетте наразылық шарасы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қақтығысқа қатысушылар полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, пиротехникалық заттар қолданған. Сондай-ақ министрліктердің бірінің ғимараты өртелгені хабарланды. Бұған жауап ретінде құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ, суатқыштар мен резеңке оқ қолданды.

Германияның ARD телеарнасы Тирана көшелеріндегі жағдайды ұрыс даласына теңеді.

Наразылық білдірушілер 29 қарашада да шеруді жалғастырып, демалыс күндері қала орталығындағы қозғалысты толықтай тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Шеруге қатысу үшін Албанияның өзге өңірлерінен ғана емес, шетелден де адамдар келген.

Халық неге көшеге шықты?

Албания билігіне қарсы жаппай наразылық мамыр айының соңынан бері жалғасып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл – елдегі коммунистік режим құлағаннан бергі ең ауқымды наразылық шаралары.

Бастапқыда халықтың наразылығына Звернец маңындағы Вьоса-Нарта қорғалатын табиғи аумағында сәнді қонақүй кешенін салу жобасы себеп болған. Аталған жобаны АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп пен оның жұбайы Джаред Кушнермен байланыстырады.

Жергілікті тұрғындар мен экологтер қоқиқаздар бастаған сирек кездесетін құстар мекендейтін аумаққа құрылыс салуға қарсы шықты. Осыған байланысты наразылық қозғалысы «Қоқиқаздар революциясы» деген атауға ие болды.

Кейін наразылық білдірушілердің талаптары көбейді. Олар жемқорлыққа, полицияның әрекетіне және жалпы үкімет саясатына қарсылық білдіре бастады. Шеруге оқу жағдайы мен білім алу құнының қымбаттығына наразы студенттер де қосылды.

Наразылық шаралары Еуропаның назарын аударды

Қорғалатын табиғи аумақтағы құрылысқа қатысты жағдай Еуропарламенттің алаңдаушылығын туғызды. Депутаттар Албания билігін мұндай аумақтарда құрылыс жүргізуге жаңа рұқсаттар беруді және құрылыс жұмыстарын тоқтатуға шақырды.

Еуропарламент өкілдері Еуропалық одаққа мүше болуға ұмтылып отырған Албания үшін табиғатты қорғау мен заң талаптарын сақтаудың айрықша маңызы бар екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдарының әрекеті де халықтың наразылығын күшейтті. Атап айтқанда, Звернецте жекеменшік күзет қызметкерлері полицияның көз алдында наразылық шарасына қатысушылардың біріне шабуыл жасағаны хабарланды.

Премьер-министр қызметінен кетуден бас тартты

Қазір наразылық білдірушілердің басты саяси талабы – премьер-министр Эди Раманың отставкаға кетуі. Алайда үкімет басшысы қызметінен кетуге ниетті емес.

Бұған дейін Рама наразылық шараларының артында сыртқы күштер тұруы мүмкін екенін айтып, оларды ұйымдастырды деп Ресей мен Иранды да айыптаған.

Ал қазан айында студенттермен болған қақтығыстардан кейін премьер-министр зорлық-зомбылыққа оппозицияны кінәлаған еді.

Сізге қызық болуы мүмкін