×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

7 жасар Милананың өлімі: Павлодар облысының әкімі кінәні қарамағындағы қызметкерлерден көрді

27.11.2023, 12:48
Ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz тілшісі Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановқа 7 жасар Милана Давыдованың өліміне байланысты сұрақ қойды. Полиция қызының өліміне байланысты анасын күдікті ретінде ұстаған.

– Негізгі кінә – жергілікті әкімдік ата-аналардың, атап айтқанда, анасының этикаға жат қылықтарына назар аудармаған. Бұл туралы уақтылы хабарламаған, – дейді ол.

Оның айтуынша, "тәуекел аймағында" облыс бойынша 300 отбасы бар. Екібастұздағы есепте 78 адам тұр.

Бұдан бұрын  Екібастұздағы қайғылы оқиғадан кейін қала әкімі Аян Бейсекин, оның әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Айзада Құрманова, сондай-ақ облыстың білім және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшысы Самал Айтқазина мен Альмира Дүсіпова сөгіс алғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 7 қараша, жұма күні сағат 16.00 шамасында Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы, 2015 жылы туған Милана Давыдова жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет ауылдан бір жарым шақырым жерде көрген. Қыздың әкесі Александр Колчин қызының қайда кеткенін түсіндіре алмайтынын айтты. Ол жоғалған күні жұмысында  болған. Милананың әкесі қызын ұрлап кетуі мүмкін екенін айтқан. Көп өтпей, полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады. Милананың анасы мен оның танысы ұсталды.

Серіктес жаңалықтары