×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Нұрлан Ноғаев: Болат Назарбаевтың асына шақырылған жоқпын

27.11.2023, 15:50
Коллаж: ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен Болат Назарбаевтың асына шақырылмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, Астананың Бас мешітінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған інісі Болат Назарбаевтың құрметіне ас берген болатын. Асқа Назарбаевпен бірге үзеңгілес болып, әртүрлі облыста, құрылымда басшы болған ескі саяси элита келген.

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің бірі “Сіз де Назарбаевпен үзеңгілес болдыңыз. Асқа шақырылдыңыз ба?” деп сұрады.

– Асқа шақырылған жоқпын, – деп қысқа қайырды Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары