×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атыраудағы университет деканы 6 жыл бойы заңсыз жалақы алып келген

28.11.2023, 09:21
Иллюстрациялық фото

Қызметтік тексеру нәтижесінде жауапты адамдар жазаланып, декан жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атыраудағы университет деканы алты жыл бойы заңсыз жалақы алып келгені анықталды. Сонымен қатар жұмыс күндері Түркияға, Оңтүстік Кореяға және басқа елдерге бірнеше рет сапарға шыққан.

– Декан алты жылдың 80 жұмыс күнінде іс жүзінде жұмыста болмағанымен, табельдерге ақылы күндер қойылған.  Төлемнің жалпы сомасы 1 млн теңгені құраған, –  деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Осыдан кейін ол университетте қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін 2023 жылғы 20 қазанда лауазымынан босатылып, ал 1 қарашадан бастап жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ университет шенеуніктері де жазаланған. Ал заңсыз төленген ақша ЖОО-ға қайтарылды.

Университет не дейді

Кейін деканға қатысты ақпаратқа университет түсініктеме берді, деп жазды AtyrauPress.

– Аталған университеттің бұрынғы қызметкеріне, оның іссапарға жоспарланған мерзімнен ерте кеткен немесе кеш келген, сонымен қатар отбасылық және денсаулық жағдайларына байланысты кейбір уақыттарда жұмыстан сұранған күндерінде де табельде есептеліп ақы төленген.  Университетке келтірілген шығынды бұрынғы декан анықталған сомаға сәйкес толықтай қайтарды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары