×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазаққа тіл тигізді: астаналық әйел тик-токта ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды

28.11.2023, 17:25
Қазаққа тіл тигізді: астаналық әйел тик-токта ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Фото әлеуметтік желіден

Сот айыпталушыға ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана сотында Наталья Свириденкоға қатысты үкім шығарылды. Ол ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиғаның мән-жайы
Наталья Свириденко 7 тамызға қараған түні Тик-ток желісінде онлайн-трансляция қосқан. Эфир барысында ол өзінің оқырмандарының арасында басқа да ұлт өкілдері бар екенін біле тұра, қазақтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға тырысқан.

Оған қоса Свириденко қазақтарды маймылдарға теңеп, көрермендердің бірінің баласына өлім тілесе, енді бірін "науқас" деген. Сонымен қатар ол қазақтарды 2022 жылдағы қайғылы Қаңтар оқиғасына жауапты деп атаған.

Сондай-ақ аузына келгенін айтқан әйелдің эфир кезінде мас болғаны белгілі болды.

– Свириденко Наталья Валентиновна ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігінде («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – делінген Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.