×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтөбеде ІІМ институтының курсанты қайтыс болды

29.11.2023, 07:47
Фото: Ашық дереккөзден

ІІМ заң институтында оқыған курсанттың жасы 21-де болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбедегі ҚР ІІМ заң институтына 21 жастағы Қамбар Байбол Түркістан облысы Атақоныс ауылынан келген. Студент алғашқы кәсіби дайындық курсының тыңдаушысы болғаны белгілі болып отыр.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, ол 21 қарашада ауруханаға екі жақты жалпы пневмония диагнозымен, өкпе тінінің 80% зақымдануымен ауыр жағдайда түскен. Басқарма аурудың асқынып кеткенін атап өтеді.

- Екі жақты экссудативті плеврит диагнозы қойылды. Екі өкпенің компрессиялық ателектазы. Гемоптиз. Туа біткен жүрек ауруы болған. Қос жармалы қолқа қақпақшасы. Митральды қақпақшаның пролапсы анықталды, - деп хабарлады ведомстводан.

Курсант жансақтау бөлімінде 6 күн жатқан. 27 қарашада қайтыс болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлімнің себебі прогрессивті өкпе-жүрек жеткіліксіздігі екенін атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары