×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Биылғы қыс қандай болады?

29.11.2023, 08:53
Иллюстрациялық фото

Қазгидромет мамандары Қазақстанда биылғы қыс маусымының қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің айтуынша, желтоқсан айында Қазақстанда ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп күтіледі.

«Желтоқсанда жылдың ең ұзақ түндері мен ең қысқа күндері байқалады. Ауа температурасының төмендеуі жалғасады. Каспий теңізінің шығыс жағалауында орташа айлық ауа температурасы бұрынғысынша оң, +1 градусқа дейін, республиканың қалған бөлігінде оңтүстік-батыс пен оңтүстіктен 0 - 5°С солтүстікке және шығысқа қарай -13-18°C градусқа дейін төмендейді. Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында байқалады, ауа температурасы -20-24°С құрайды», – делінген хабарламада.

Солтүстік облыстарда, оңтүстік-шығыс аймақтағы тау етегінде және оңтүстіктің таулы аймақтарда қар жамылғысының орташа биіктігі желтоқсанның аяғында 10-20 см-ге жетеді. Ең жоғары қар жамылғысы еліміздің шығысындағы таулы аймақтарда байқалады. Биіктігі шамамен – 25-66 см дейін жетеді. Ал Маңғыстау облысының оңтүстігінде мүлде қар жаумайды деп күтіледі.

Қаңтарда ауаның орташа айлық температурасы Қазақстан бойынша нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтілуде.

Қаңтардағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, елімідің шығыс бөлігінде нормадан көп болады деп күтіледі.

Ақпан айында да республика бойынша орташа айлық ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, Абай облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағандының оңтүстік-шығысында нормадан жоғары түседі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары