×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тарихи жеңіске жетті

29.11.2023, 12:38
KTF

Соңғы маусымда ол әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг көшбасшыларымен сынға түсіп, төртеуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның есімі тарихқа жазылатын болды: осы маусымда ол әйелдер бойынша әлемдік рейтингтегі алдыңғы қатарда тұрған төрт теннисшіні жеңді.

Бұл – әлемдегі алғашқы ракеткаларды жеңген бір маусымдағы екінші көрсеткіш. БАҚ-тың жазуынша, тек Трейси Остиннің (1979 жылы 6 рет ) жеңістері көбірек екен.

Кортқа оралу

Сондай-ақ, Рыбакина БАӘ-дегі World tennis League көрме турниріне қатысады деп хабарланды. Турнир 21-24 желтоқсан аралығында өтеді.

"Барлығына сәлем! Мен Дүниежүзілік теннис лигасының екінші маусымына ораламын. Алда сіздерге теннистің керемет ойынын көрсетудің сәті түсіп тұр. Әбу-Дабиде кездескенше", – деді Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина WTA Tour 2023 аясында WTA 1000 турниріндегі үшінші матчта ресейлік теннисші мирра Андрееваны жеңгені хабарланған еді. Бұл ретте, кездесудің ортасында қазақстандық спортшы 2:6, 2:4 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары