×
$
457.09
€
508.42
₽
5.67
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.09
€
508.42
₽
5.67

Қазақстандық дерби: Рыбакина Токиодағы турнирде Путинцеваны жеңді

Бүгін, 15:05
Қазақстандық дерби: Рыбакина Токиодағы турнирде Путинцеваны жеңді
Қазақстан теннис федерациясы

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өзара кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Екінші айналымдағы матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Нәтижесінде әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Путинцева бір эйс орындағанымен, өзіне берілген жалғыз брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.

Айта кетейік, әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Юлия Путинцева турнирді іріктеу кезеңінен бастады. Ол іріктеуден сәтті өтіп, негізгі жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Елена Рыбакина ширек финалда канадалық теннисші Лейла Фернандеспен кездеседі. Ол бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті 6:3, 6:2 есебімен жеңген.

Бұған қоса, Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны жеңіп, WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орнын жыл соңына дейін сақтап қалуға мүмкіндік алды.