×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

13 адамның өмірін қиған Алматыдағы өрт: Хостелді жалға беруші ұсталды

01.12.2023, 19:19
ҚР ТЖМ

Істі арнайы прокурорлар тергейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) басталған.

Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданған.

Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылып жатыр.

Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А ұсталып, қамалған.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыда 13 адамның өмірін қиып кеткен хостелдегі өрт жайлы сұраққа жауап беріп, өрт шыққан ғимараттың хостел ретінде қолданылуы заңға қайшы деген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жатақханада қаза тапқан Қазақстан және шетел азаматтарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары