Ер адам басқа ұлт өкілдеріне наразылығын білдіретін бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл бейнежазба құқық қорғау органдарының назарын аударып, тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап үлгерді. Ол Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.