×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жайылған 700 жылқының жайы: Қорық инспекторлары жұмыстан босатылды

02.12.2023, 12:44
Ашық дереккөзден

Ақмола облысы прокуратурасының актісі бойынша Қорғалжын табиғи қорығының инспекторлары жұмысымен қош айтысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облысының прокуратурасы өкілдері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғанын анықтаған.

Басшылықтың нұсқауымен инспекторлар қорықты қорғаудың орнына ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаюға жол берген. Атап айтсақ, қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген. Салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.

Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды. Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары