×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Бас прокурор «АМТ» шахталарындағы қайғылы оқиғалардың түпкі себебін айтты

04.12.2023, 09:18
Коллаж Ulysmedia

Бас прокурордың айтуынша, басшылардың жауапкершілігінің жетіспеушілігі салдарынан қызметкерлердің қауіпсіздігі сақталмай, қайғылы жағдайлар орын алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттар Бас прокурор Берік Асыловтан Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға түсініктеме беруін сұрады. Өз жауабында Асылов мұндай қайғылы оқиғалар жауапты адамдардың жұмысшылардың қауіпсіздігіне тиісінше қарамауынан туындайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол жұмысшылардың қауіпсіздігі мәселесі мемлекет тарапынан жеткілікті бақыланбайтындығын атап өтті.

Мәселен, заңға тәуелді актілерде кәсіпорындарды жыл сайын тексеруге мүмкіндік беретін нормалар жоқ.

«Ірі бизнес субъектілеріне қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкциялардың ауқымы (ескертуден бастап 500 мың теңгеден аспайтын айыппұлға дейін) көп емес. Сондықтан мұндай әдістер әсер етпейді», - деді Асылов.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында кеншілерді іздеу жүйесі болмағаны айнықталған еді. Құны небары 1,5 млн теңге ғана тұратын жүйенің үлкен кәсіпорында болмауы күлкілі жағдай.

 

Костенко шахтасындағы трагедия

28 қазан күні таңертең «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында жарылыс орын алды деген ақпарат тарады. Жедел штаб құрылып, оның құрамына жауапты мамандар кірді.

Кейін Қазақстан Президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәмілені ресімдеу бойынша алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтадағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияны басқарды.

Тоқаев Қарағанды облысына арнайы барып, 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сонымен қатар, президент «АрселорМиттал Теміртау» - біздің тарихымыздағы ең нашар компания екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары