Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокстан ұлттық құрама мүшелері Куба боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бүгіннен басталатын бірлескен жаттығу 16 желтоқсанға дейін жалғасады.
17 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын желбіретеді. Кубадан келген 9 боксшы да осы додаға қатыспақ. Құраманың бас бапкері Карлос Мануэль Перес Рейес Қазақстанға шақырған бокс федерациясының басшылығына алғысын білдіріп, екі ел боксшыларының арасында баянды байланыс орнағанын айтты.