×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елімізде телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді

05.12.2023, 09:01
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әсіресе, қымбат смартфондар ұрлықтың нысанына айналады. Ұрланған ұялы телефондардың кейбіреуінің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Статистикаға сүйенсек, биыл елімізде 10 айдың ішінде 9 мыңнан астам телефон ұрлығы тіркелген. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 16%-ға төмен. Бұл ретте, 4 мыңнан астам телефон табылып, иелеріне қайтарылған.

Ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды жетілдіру мақсатында ведомство бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастамаларды іске асырып жатыр. Ережеге сәйкес, барлық ұялы телефондар «IMEI + SIM + ЖСН» схемасы бойынша тіркелуі керек, егер бұл байлам бұзылған болса, бұғатталуы керек.

Серіктес жаңалықтары