×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Павлодарда зорланған оқушының ісі: Мұғалімдердің негізсіз жазаланғаны анықталды

05.12.2023, 14:32
Ашық дереккөзден

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысының ауылдарының бірінде өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушының ісіне қатысты мәліметтерді хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«21 қараша күні Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүктілігі туралы ақпарат белгілі болды. Қыздың дене бітімі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқады. Кәмелетке толмаған баланың анасы хабардар етілді», - деді ведомствода.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті – өгей әкесі қамауға алынған.

«Зардап шегуші үйде қашықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады комитет.

Серіктес жаңалықтары