×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алаяқ жұп: қызылордалық отбасы 8 млн теңгеге алдаған

05.12.2023, 16:20
Ашық дереккөзден

Қызылордада ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өздеріне сенген жұртты жер сипатып кетуді көздеген ерлі-зайыптылар осы жылдың шілде айында «Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып береміз» деген желеумен бір жәбірленушіден 8 000 000 теңге алған. Уәделі мерзім ұзап кеткесін алданғанын сезген жәбірленуші  шағым жасап, қараша айының 28-інде аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген.

Қазір «А» және «Г» есімді азаматтарға Қызылорда қалалық мамандандырылған сотының 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкциясы беріліп, іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары