×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үкімет меморган басшылары мен әкімдерге бағаны тежеу жұмыстарын күшейтуді жүктеді

14.09.2021, 09:43
Үкімет меморган басшылары мен әкімдерге бағаны тежеу жұмыстарын күшейтуді жүктеді
қымбатшылық

Ал Сауда және интеграция министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестіру жұмысы тапсырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Биыл тамызда инфляция өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның өсуіне барынша себеп болып отыр. Бағалардың ең көп өсуі Түркістанда, Нұр-Сұлтанда және Қызылордада байқалған. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сауда министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестірсін», - деді премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет.

Фото: ашық дереккөздерден