×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Тоқаев Германияда Мерцпен кездеседі

Бүгін, 16:35
Тоқаев Германияда Мерцпен кездеседі
zentralasien.ahk.de

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйекте Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездеседі. Алдағы келіссөз туралы Германия федералдық үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Германия үкіметі ресми өкілінің орынбасары Штеффен Майер келіссөз барысында талқыланатын бірнеше мәселені атады.

– Кездесуде энергетика және шикізат саласындағы екіжақты әріптестікті кеңейту, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері сөз болады, – делінген хабарламада.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Фридрих Мерцпен Германия үкіметін 2025 жылғы мамырда басқарғаннан кейінгі алғашқы жеке екіжақты кездесуі болмақ.

Сол кезде Қазақстан президенті Мерцті канцлер болып сайлануымен құттықтаған еді.

Берлинде екі елдің бизнес өкілдері бас қосады

Сол күні Берлинде «Болашаққа бағдарланған жан-жақты әріптестік» атты Қазақстан–Германия бизнес-форумы өтеді.

Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің мәліметінше, Тоқаевпен бірге Германия астанасына қазақстандық делегация да барады.

Форумды Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасы, Германия экономикасының Шығыс комитеті, Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігі және Қазақстанның Германиядағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырады.

Германия Қазақстанның Еуропадағы ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала береді.

2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд долларға жетіп, 9,5%-ға өскен.

2026 жылғы қаңтар–сәуірде сауда көлемі 1,4 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға көп.

2005 жылдан бері Германияның Қазақстанға салған инвестициясы шамамен 8 млрд долларға жеткен. Оның басым бөлігі шикізаттан тыс секторға бағытталған.

Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Олардың қатарында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde компаниялары бар.