×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Нұр-Сұлтанда мысықтарға арналған Covid-19-ға қарсы вакцина таныстырылды

21.10.2021, 22:22
Фото: ашық дереккөз

Елордада өткен «Kazagro/Kazfarm-2021» халықаралық көрмесінде мысықтарға арналған коронавирусқа қарсы қазақстандық NARUVAX-C19 вакцинасы таныстырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бұл ветеринарлық вакцинаның жасалуы адамдардың популяциясына жабайы фаунадан енген SARS-CoV-2 вирусының түраралық кедергіні жеңуге және оның иелерінің шеңберін кеңейтуге қабілетті болуымен байланысты болды. Біздің үй жануарларының кейбіреулері, әсіресе мысықтар, бұл инфекцияға да сезімтал және бұл қауіпті вирустың мутациясына ықпал етуі мүмкін. Дүние жүзіндегі кейбір фармацевтикалық гиганттар жануарларға арналған Covid-19-ға қарсы вакцина да жасап жатыр», - деп жазды ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook -тегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол аталған вакцина мысықтар үшін қауіпсіз екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары