Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш және зейнетақының ең төменгі мөлшерін айқындайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 692 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңгені құрайтын болады.
Еске салайық, президент Тоқаев халыққа жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.
Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.