×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

2024 жылы ең төменгі жалақы қанша болмақ

06.12.2023, 09:34
Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш және зейнетақының ең төменгі мөлшерін айқындайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;

- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;

- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 692 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңгені құрайтын болады.

Еске салайық, президент Тоқаев халыққа жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары