×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Судың орнына мазут: шучинск тұрғындары аң-таң

06.12.2023, 13:59
бейнежазбадағы кадр

Ақмола облысындағы Щучинск қаласының тұрғындары жылыту жүйесінде судың орнына мазут болғанын анықтады. Радиаторлардан отынның осы түріне ұқсас сұйықтық ағуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары соңғы күндері сасық иіс пен кірден зардап шегіп отыр. Бірінші және бесінші қабаттардағы жылыту жүйесінен суды ағызу әрекеті проблемаға айналған. Құбырлардан лас және сасық сұйықтық ағып жатыр.

Тұрғындар жылусыз қаламыз деп алаңдаулы. Ал №8 мектеп-гимназиясында аталған жағдайға байланысты сабақтар тоқтатылғаны белгілі болды. Сыныптар суық, ал батареялардан майлы сұйықтық ағуда. Мұнда қазір коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Ал 1000-нан астам бала қашықтан оқытуға жіберіліпті. Мектеп директоры оқушылар көп ұзамай мектепке қайта оралатынына сендірді.

Щучинск қаласындағы тілшіміз жіберген видеода зейнеткер Галина Ковалева 26 жыл ішінде батареялардағы дизель отынын бірінші рет көріп отырғанын айтады.

«Жаңа Тұрмыс»ЖШС директорының орынбасары Асхат Ильдебаев мазуттың жылу жүйесіне түскенін жоққа шығармады. Бұл жағдай жылу режиміне әсер етпейтініне сендірді. Құбырлар тазаланғаннан кейін мектепте де, үйлерде де жылу қалпына келмек.

Серіктес жаңалықтары