×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Олигархтардың балаларымен төбелес: апелляциялық сот үкімді өзгертпеді

06.12.2023, 16:19
Коллаж Ulysmedia

Апелляциялық сот Little Brazil мейрамханасындағы төбелеске қатысты сотталғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот алқасы бірінші сатыдағы сот әділ шешім шығарғанын, істі қайта қарауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге салсақ, Алматыдағы барлардың бірінде олигархтар Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен төбелескені үшін алты жылға сотталған қазақстандық белгілі актер Асқар Жұмабек ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды өтінген еді.

Жеті айыпталушыға қатысты үкім 11 қазанда шыққан болатын. Айыпталушылар алты жылдан алты жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың адвокаттары мен туыстары сот шешімімен келіспейтінін алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары