×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Теміртауда әскери қызметші өзіне оқ атты

21.10.2021, 23:48
Фото: ашық дереккөз

Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында болған.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Көз жұмған қатардағы жауынгер Түркістан облысының тумасы, жасы жиырмада.

Серіктес жаңалықтары