×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына 7 млн теңге аударды

07.12.2023, 11:44
Коллаж Ulysmedia

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдау мақсатымен құрылған қорға өз қаражаты есебінен 7 млн теңге берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

QAZAQ TILI Endowment Qory халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының бастамасымен құрылған болатын. Міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. 

Естеріңізге салсақ, биыл 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының басшысымен кездесуінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатымен арнайы эндаумент қорын құру бастамасына қолдау білдірген болатын. 

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қаражат толықтай басқаруға беріледі және инвестицияланады. Эндаумент қорының инвестициялық қызметінен түскен табысы бенефициар ұйымның жарғылық міндеттерін орындауға жұмсалады. 

Бүгінде еліміздегі ірі университеттер, мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың эндаумент қорлары сәтті жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Қорға жиналған қаражатты беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылап, қадағалайтын болады. 

Эндаумент қорынан түскен табыс халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту, модернизациялау мен оны қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жобаларға грант негізінде беріліп отырады. 

Президент «Қазақ тілі» қоғамына мемлекеттік тілдегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін  дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту үшін заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары