×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атырауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

07.12.2023, 12:29
Ашық дереккөзден

Пышақпен қаруланған ер азамат 143 мың теңге алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 3 желтоқсанда орын алған. Букмекерлік кеңсенің қызметкері полицияға телефон соғып, шабуыл туралы хабарлаған.

«Тексеру барысында сағат 08:55 шамасында бетперде киген, шамамен 20-25 жастағы ер адам ұйым қызметкерін асхана пышағымен қорқытып, 143 мың теңгесін алып, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды», –  делінген хабарламада.

Күдікті ұсталды. Бұл – 25 жастағы қала тұрғыны. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы бойынша тергеу басталған.

Серіктес жаңалықтары