×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атауы өзгеретін АМТ-да Лаврентьевтің ресми өкілі кім болады

08.12.2023, 12:23
Атауы өзгеретін АМТ-да Лаврентьевтің ресми өкілі кім болады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл лауазым Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының төрағасына берілетіні жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы Ербол Еділов өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Qazaqstan Steel Group акционерінің (акционері Андрей Лаврентьев) QARMET-тегі (бұрынғы АрселорМиттал Теміртау) ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалғанын хабарлады.

Талғат Темірханов

Талғат Темірханов - Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы, өзі де шахташы болған.

Ол 1987 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы АМТ шахтасында бас маман қызметінен бастаған. Сондай-ақ," Самұрық-Қазына"," Атамекен " ҰКП, Энергетика министрлігінде жұмыс істеген.

2023 жылғы қарашада Талғат Темірханов АМТ активтері жергілікті инвесторға берілуі тиіс деп мәлімдеген еді.

Еске сала кетсек, 8 желтоқсанда өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапев АМТ-ның жаңа инвесторын атады.  Ол - Аллюр компаниялар тобының басшысы, кәсіпкер Андрей Лаврентьев.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Миттал активтер үшін 3,5 миллиард доллар сұрағанын айтады. Алайда ақыры Лакшми Миттал Қазақстандағы активтерін 286 млн долларға сатқан.