×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

АрселорМиттал Теміртау компаниясын қазақстандық олигарх сатып алды

08.12.2023, 11:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапев АМТ-ның жаңа инвесторын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол - Аллюр компаниялар тобының басшысы, кәсіпкер Андрей Лаврентьев.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қанат Шарлапаев инвесторды таңдау кезінде ең алдымен, шешім қабылданнатын орын – біздің елде болуы керектігі шарт ретінде қойылған.

– Ол (инвестор - авт.) Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтін немесе Қазақстанға өз бизнесінің бір бөлігі ретінде қарайтын адам болмауы керек. Біздің ұстанымымыз: егер сол адамның немесе инвесторлар тобының шешім қабылдайтын орталығы Қазақстан болса, онда бұл ең дұрыс таңдау болмақ, - деп атап өтті Шарлапаев.

Андрей Лаврентьев 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген, үйленген, алты баласы бар. 

"Аллюр” компаниялар тобына “Агромашхолдинг "ЖШС және "СарыарқаАвтоПром" кіреді. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі, дистрибьюторы әрі серіктесі. Астана мен Алматыда өзінің сегіз дилерлік орталығы бар. Лаврентьев "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ның 65% иелік етеді. Арманжан Байтасовпен бірге "Бизнес-FM" радиостанциясының тең құрылтайшысы.

Лаврентьев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер тізімінде 26-шы орында тұр.

Серіктес жаңалықтары