Кеше кешке Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz дереккөздерге сілтеме жасай отырып.
Антикор Данияр Әлиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Дереккөздің хабарлауынша, сот санкциясымен шенеунік тергеу изоляторына қамалған.
Данияр Әлиев 2019 жылдың желтоқсанынан бастап ШҚО экология департаментін басқарған.
Білімі эколог. 1998 жылы Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2016 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысының экология департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі – 17 жыл.
Айта кетерлігі, 22 қарашада ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров ұсталған болатын. Ол өңірдегі "кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін" ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Ол да қамауда отыр.