×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ұлттық ұлан сарбазының күмәнді өлімі: Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр

11.12.2023, 13:06
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов осыдан бір жарым жыл бұрын қаза болған Ұлттық ұлан сарбазының өліміне байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

– Ауыр жағдай. Ең алдымен, адам қайтыс болды. Біреуге ұл, біреге бала. Ата-анасының арызы бойынша эксгумация жасалды. Тиісті тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеріс те басталды. Кінәлі адамдар болса, бәрін анықтаймыз, – деді министр мәжіліс кулуарында.

Саденов жалпы мұндай факттар болмауы керек деп есептейді.

– Барлық деңгейдегі командирлер алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық деңгейде тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Ал Ұлттық ұлан өзіне жүктелген міндетті атқара алып жатыр, – дейді Саденов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда бір жарым жыл бұрын қаза тапқан сарбаздың денесі эксгумацияланғанын жазған едік. Алмас Шахимовтың туыстары істі жабу туралы шешіммен келіспейді. Ulysmedia.kz тілшісі қайғылы рәсімге қатысып, мәселенің мән-жайын анықтап қайтқан.

Рахимовтардың жалғыз ұлы Алмас осыдан бір жарым жыл бұрын ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде қайтыс болған. Алмас әскерге баруға өзі ниеттеніпті. Осылайша, былтыр мамыр айында 19 жастағы бала Алматы облысына Отан алдындағы борышын атқаруға аттанады. Өкінішке қарай, бірнеше айдан кейін үйге табытпен оралды.

Әскери бөлім басшылығының айтуынша, өлімнің себебі: жазатайым оқиға. Болжам бойынша, шаңды дауыл кезінде полигонда шатыр құлаған. Алмас қатарластарын құтқаруға ұмтылып, ақыры оған метал конструкция құлап, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Қайтыс болған батырдың ата-анасы бұған сенбейді. Себебі, жігіттің денесінде көп жарақаттар болған. Кейін сарапшылар жиырма екі жара барын санап шыққан. Оның ішінде бас миы мен бірнеше дене жарақаты бар. Бірақ жарақаттардың қайтыс болғанға дейін немесе одан кейін пайда болғаны туралы сұраққа жауап берілмеген.

Серіктес жаңалықтары