×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бұл кек емес – ІІМ басшысы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің ісі жайлы

11.12.2023, 15:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге қарсы қозғалған қылмыстық іс жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Мәжіліс кулуарларында журналистер Ержан Саденовтан істі қозғауға қандай себеп негіз болғанын сұрады. "Құқық қорғау органдарының Дина Таңсәріге кегінен қозғалған іс емес пе?" деп сұрады.

– Біріншіден, ІІМ істі өзі қозғаған жоқ, бұл арыз берушілердің өтініші бойынша қозғалған іс. Сондықтан іс қозғау туралы шешім қабылданған кезде заңдылықты қадағалайтын қадағалау органы бар. Іс қозғалды. Менің ойымша, біз толық тергеу жүргізіп, баға береміз. Ешқандай кек үшін іс қозғалған жооқ, - деп жауап берді ІІМ басшысы.

Айта кетейік, Қазақстандағы адам құқығын қорғаушылар Дина Таңсәріні қолдап, петиция бастаған еді. «НеМолчи.kz» қоры зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. Қазір Таңсәрі Қазақстаннан тыс жерде тұрады.

Бұған дейін Дина Таңсәрінің қылмыстық қудалауға ұшырағаны туралы хабарланған болатын. Оның ұйымның банктегі шоттары бұғатталған.

Серіктес жаңалықтары