×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бірыңғай жиынтық төлемі өзін-өзі ақтаған жоқ – Жамаубаев

12.12.2023, 16:43
Бірыңғай жиынтық төлемі өзін-өзі ақтаған жоқ – Жамаубаев
Коллаж: ulysmedia.kz.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлемі (БЖТ) алынып тасталады. Оның орнына үкімет не ұсынғалы отыр? Ulysmedia.kz. тілшісі үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа осы сұрақты қойды.

– БЖТ деген өздеріңіз білетіндей, бірнеше жыл бұрын енгізгенбіз. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға бір жеңілдік түрінде бүкіл салықтың да, сақтандыру жүйесінде немесе басқа да жүйелерге бір есептік көзбен есептелетін бір жақсы құрал ретінде қарастырдық. Бірақ бұл құрал өзін-өзі ақтаған жоқ, - деді Ерұлан Жамаубаев үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, 2023 жылы төленген БЖТ 300 мың адамға 1,5 млрд теңге көлемінде бөлінген.

– Яғни, мардымсыз. Соны ескере келе біз басқа да тетіктердің барын есепке алып, ЕСП-ны алып тастауды жөн көрдік. Басқа тетіктер дегеніміз, жеке кәсіпкерлік ашуға болады. Қаржы министрлігі тарапынан өте жақсы құрал – жеке кәсіпті мобильді қосымша арқылы ашу. Кез келген адам жеке кәсіп ретінде аша алады немесе оны құрмай, мобильді қосымша арқылы аша алады. Пәтерін жалға берсе немесе қосымша табысы болса, жеке кәсіп ашпай, мобильді қосымшада көрсетілген қызметті басып, 10 пайызын төлесе, болды – ешқандай проблема жоқ, - дейді ол.

Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемді қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.