×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әуежайда автокөлікпен соқтығысқан ұшақта «Қайрат» футболшылары болған

22.10.2021, 12:26
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы әуежайында автокөлікпен соқтығысқан ұшақта "Қайрат" футболшылары болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қайрат» футбол командасы Алматы әуежайында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан ұшақ бортында болған. Спортшылар Бакуден оралды, онда «Қарабахқа» қарсы топтық кезеңінің кездесуін өткізген.

«Шынында да, «Қайрат» ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болды, содан кейін клуб базасына кетті. Жексенбі күні өтетін «Қайрат» – «Астана» маңызды матчының алдында кешке жаттығу болады», – деп хабарлады клуб.

Еске салсақ, 22 қазан күні түнде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұшақ пен автокөлік соқтығысты. Әуе лайнері FlyJet KZ жекеменшік компаниясына тиесілі.

Серіктес жаңалықтары