×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Сот кезінде қорылдап ұйықтап кететін судьялар бар»: Депутат Құспан сот жүйесін қатаң сынады

13.12.2023, 11:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайловқа жолдаған сауалында депутат Абзал Құспан сот саласын "іс жүзінде жабық корпорацияға айналып кетті" деп сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абзал Құспан депутаттық сауалында судьялардың сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынатыны, олардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейтіні, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатыны Конституциялық заңмен дұрыс бекітілген деп есептейді. Оның айтуынша, судьялық лауазымға кәсіби біліктіліктен бөлек жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері мен ел алдында мiнсiз беделі болуы талап етіледі.

– Барлық судьялардың президент жарлығымен тағайындалуы да сот тәуелсіздігінің бірден-бір кепілі әрі оларға артылған жауапкершіліктің маңызын білдірсе керек-ті. Өкінішке қарай, мемлекет және президент тарапынан берілген осы жоғары сенімді жекелеген судьялар тарапынан теріс пайдалану фактілері де орын алып жатыр. Қазақстан Конституциясының 3 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, биліктің жалғыз қайнар көзі – халық деп көрсетілген! Судьялардың тәуелсіздігі деген ұғым, олардың халықтан жоғары тұрады дегенді білдірмесе керек-ті!  Конституцияға сәйкес, халық атынан билікті жүзеге асыру үш тармақтан тұратын билік органына жүктелген, олар үкімет пен парламент және сот билігі. Биліктің алғашқы екі тармағына қатысты халық, яғни еліміздің азаматтары сайлау арқылы, жылына бір реттен кем емес есеп алу арқылы  әсер ете алатын болса, үшінші, сот билігіне келер болсақ, судьяларды қызметке тағайындау, босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту процесінің ешқайсысына ел азаматтары араласпайды. Бұрындары сот алқа және сот төрағалары деңгейінде азаматтарды қабылдайтын, қазір ол практиканы да толық тоқтатты. Салдарынан сот саласы іс жүзінде жабық корпорацияға айналды, – дейді Абзал Құспан.

Депутат іс жүзінде, жергілікті жердегі судья өзінің жоғары тұрған сот басшылығымен жақсы болса болды, оның басынан бір тал шашта түспейтінін айтады.

– Жақында өзім сайланған округ әрі туған жерім Жаңақала ауданында аудандық судьяның бойжетіп қалған қызы аудан халқын әлеуметтік желі арқылы қарғап-сілеп, тура мағынасында боқтап-балағаттайды. Судья кәмелетке толмаған баланың әкесі ретінде аудан халқынан басын иіп, кешірім сұраудың орнына, аудан халқы атынан әділдік іздеп сотқа барған 6 азаматпен адвокат жалдап соттасып, олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден, 600 мың теңге ақша өндіріп алды.  Ондай жағдай өз басымнан да өткен. Күні кешегі адвокаттық тәжірибемде бір жарым беттік Қаулыда 74 қате жіберген, сот процесінде қайта-қайта қорылдап ұйықтап кеткен, мансабын пайдаланып, қайтыс болған ірі бизнесменнің атына өзінің қызын жаздырып, кейін бизнесменнің отбасымен мұрагерлік мүлікке таласқан судьялар туралы әлеуметтік желіде кезінде ашық жазған едім. Нәтижесінде «судьяға құрметсіздік көрсеткенім үшін» өзімнің үстімнен қылмыстық іс қозғалып, сау басыма сақина тілеп алғандай болғам. Ал ол судьялар түк болмағандай, күні бүгін Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыруда. Жалпы бұндай деректерді тізбелер болсақ, көптеп кездеседі. Неге олай деген сұраққа жауап іздесек, мәселе соттардың өздеріне ыңғайлап жазып алған заңдық, нормативтік актілерде екенін көреміз, – дейді ол.

Абзал Қспан 2001 жылғы президент жарлығымен бекітілген «Сот жюриі туралы» ережені еске алады. Оған сәйкес, судьялардың тәртіптік жауапкершілігін құрамы ЖСК жанындағы, құрамы 9 адамнан тұратын комиссия, яғни жюри шешеді, жюридің 6 адамы судьялардың өздері болса, 1 ЖСК мүшесі, 1 заңгер, 1 адвокаттан тұрады. Мысалы үшін адвокатура саласында облыстық және РАА жанынан тәртіптік кеңестер құрылған, онда халықтың атынан депутаттар қатысады, олардың қатарында осы мәжілістен де депутаттар бар.

– Жалпы Ескі Қазақстан кезінде судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын сақтамай, кім көрінген судьялық лауазымға қол жеткізіп кетті. Ол туралы басқа емес, сол сот саласының басшылығында болған азаматтардың өздері де ашық айтты уақытында, судьяларды айыптау органдарының шешімін заңдастырып беретін нотариустарға да теңеді. Енді халық осындай судьялардан тура мағынасында зардап шегуде. Сондықтан, сізге Конституциялық сот қаулысын орындау барысында сот қызметіне қатысты Конституцияның 3 бабы, 1 бөлігінің талаптарын, яғни биліктің жалғыз қайнар көзі халық екенін ескеріп, тиісті механизмдерді қайта қарастыруды ұсынамын, халық атынан сайланған депутаттық корпуста бұл мәселеде қалыс қалмайды деп ойлаймын, – дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары