Одесса облысында адам басқармайтын Шахед ұшу апаратының шабуылынан 11 адам зардап шегіп, өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Украинаның құтқару қызметіне сілтеме жасап.
Түнге қарай Ресей әскері Одесса облысының оңтүстігіндегі Украинаның Дунай порттарына дрондармен соққы берді.
Украинаның ТЖМ зардап шеккен 11 адамның бесеуі, оның ішінде үш бала ауруханаға жатқызылғанын хабарлайды.
Атыс нәтижесінде жолаушылар көлігі мен ферма ғимараты өртеніп, жақын жерде орналасқан 11 ғимарат зақымданған.
Құтқарушылар өрт орнында жұмыс істеуде.