Нақты шешімді шығарар кезде сот айыпталушының бірнеше рет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағанын назарға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар сотында кәсіпкерге, делдалға, жер қатынастары бөлімінің басшысына және қала әкімінің көмекшісіне қатысты үкім шығарылды.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы 2023 жылдың наурыз айында кәсіпкерден 200 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Бұл сомаға кәсіпкер шенеуніктің “қамқорлығында” болуға жоспарлаған.
Параны жер комиссиясына беру үшін жалған құжатты алдын-ала дайындаған делдал бергені хабарланды.
2023 жылдың шілдесінде сол делдал Павлодар әкімі көмекшісіне 200 мың теңге көлемінде пара берді. Тамыз айында әкімнің көмекшісі тағы да пара алады (150 мың теңге).
Сот әкімнің көмекшісі мен делдалды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың бірнеше рет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны назарға алынды.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы 10 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Сот шенеуніктің кішкентай үш баласы бар екенін ескерді.
Пара берген кәсіпкерге 5 320 000 теңге айыппұл салынды.