×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматы облысында 3,5 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

15.12.2023, 14:01
Ашық дереккөзден

Алматы маңындағы Көкқайнар ауылының тұрғындары қатты аязда электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұны облыстық әкімдік те растап отыр.

"Ауылда жедел апаттық бригада іске кірісті. Кабель зақымданған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", – деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, апаттық жағдай жойылды, деп толықтырды әкімдік.

Бүгін Жамбыл облысы Шу ауданында қатты жел мен қардың салдарынан электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлаған еді. Жалпы, облыстың 4 ауданындағы 32 елді мекенде 8 882 абонент электр қуатынсыз қалды.

Серіктес жаңалықтары