×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Отырыста от шықты: Украинада депутат граната жарды

15.12.2023, 18:31
Pixabay

Салдарынан 25-тен астам адам зардап шекті, тағы біреуі қайтыс болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Закарпатия облысында депутат Керецков ауылдық кеңесінің ғимаратында граната жарғаны туралы ақпарат пайда болды.

26 адам зардап шекті, олардың алтауы ауыр жағдайда. Біреуі қайтыс болды.

БАҚ гранаталарды депутат Сергей Батурин алып кірген деп жазады. Оның заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі комиссияның мүшесі екені айтылды.

"Бейнероликте депутаттың отырыс өткен бөлмеге қалай кіргенін көруге болады. Есік алдында біраз күткеннен кейін ол гранатаны қалтасынан алып шықты. Кейін дауласып жатқан қатысушылардың сөзін бөлуге тырысып, “Мен айтайын” деп рұқсат сұрады. Содан кейін ол гранатаны лақтыра бастады", - делінген басылымда.

Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары