×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Алматыда көлік адамды басып кетті

18.12.2023, 08:02
zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 17 желтоқсан күні кешке Торайғыров көшесінде орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін біртүрлі ұстап, өтіп бара жатқан көліктерді жолға жатып тоқтатуға тырысқан. 

Hyundai Accent жүргізушісі ер адамды соға жаздап, дер кезінде бұрылып кеткенімен, Toyota Camry көлігінің иесі жатқан адамды байқамай, оны басып кетті.

"Ер адам қара киім киген, ал көшенің жарықтандырылуы нашар. Жүргізуші оны дер кезінде байқай алмады. Біраз жүргеннен кейін ғана дөңгелектердің астында адамның бар екенін түсінді", - деді куәгерлер.

Полиция тиісті құқықтық шараларды жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары