×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атақты рэпер Akon-ға домбыра сыйға тартты

18.12.2023, 13:03
Коллаж Ulysmedia

Бүгін әлемге танымал әншінің Астанада концерті өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Америкалық танымал әнші Akon-ды әуежайдан жылы қарсы алған астаналықтар кәде сый ретінде домбыраны сыйға тартты.

Осыдан үш күн бұрын өнер жұлдызы Алматыға келген болатын. Әртісті және оның командасын джембада (африкалық барабандар) аспабын ұрып жатқан музыканттар тобы қарсы алды. Әнші де өз ризашылығын білдірген-ді. Сол күні Алматы арена спорт кешенінде концерті дүркіреп өтті.

“Ассалаумағалейкум! Сіздерді 15 желтоқсан күні Алматы аренада күтемін. Одан кейін 18 желтоқсан Астана қаласындағы Конгресс-Холлда кездесеміз”, – деді әншінің өзі. 

Әншінің тыңдармандары оның келгеніне қуанып, жарыса видеосын жүктеп жатыр. 8 миллионнан астам оқырманы бар әнші барлығын өз парақшасында бөлісуде.

Серіктес жаңалықтары