Өскемен қаласының №2 соты 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату жөнінде өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өскемен қаласының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралған. Сот ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Сот оның ережелерді бұзып, мінез-құлқы тұрақсыз, сол себепті өтініш беріп, ерте босап шығу ерте екенін айтқан.
– Сотталған адам мен оның адвокаты өтінішхатын қолдай келе, Қ. Сатыбалдыұлының заң бойынша жаза мерзімінің белгіленген бөлігін өтегенін (1/3), жағымды жағынан мінезделетінін, сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіретінін атап өтті. Сот шығындары толық өтелген. Жәбірленуші жақтың өкілдері жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы сұрақты соттың қарауына қалдырды. Прокурор өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуды өтінді, – делінген сот хабарламасында.
Сот сипаттайтын деректерді талдай келе, “сотталған адамның киім нысанын кию тәртібін бұзу және өндіріп алуы болуына байланысты мінез-құлқы мінсіз болып табылмағаны туралы қорытындыға” келген.
– Көрсетілген мән-жайлардың болуы түзелу жолына түскені туралы қорытынды жасау үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты, сот, Қ. Сатыбалдыұлының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы өтініш мерзімінен бұрын берілген деген қорытындыға келді, – деп хабарлайды соттан.
Былтыр сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Бұдан бұрын оның қамауда отырып Алматыдағы зәулім қонақ үйді сатып алғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда Антикор бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Сондай-ақ, ол түрмедегі Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сыйға тартқаны белгілі болды.
Мамыр айында Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылғаны хабарланған.