×
485.82
554.03
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.82
554.03
6.24

Тоқаев алғашқы АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты

Бүгін, 12:44
Тоқаев алғашқы АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты
Фото Depositphotos.com

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Президент Қазақстанның әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы екенін және қажетті ядролық инфрақұрылымға ие екенін еске салды. Осыған байланысты атом энергетикасын таңдау дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы 2024 жылғы тарихи референдумда халық та қолдағанын айтты.

«Бұл – елдің энергетикалық егемендігінің кепілі, болашақтағы энергияны көп қажет ететін цифрлық экономиканың сенімді негізі. Келесі жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады», – деді Тоқаев.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) талаптарына сәйкес, алдын ала инженерлік зерттеулер мен құрылыс салынатын аумақты зерттеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Оның сөзінше, осы деректер негізінде құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дайындық кезеңі шамамен 10 айға созылады, сондықтан құрылыс жұмыстарының нақты басталуы 2027 жылға жоспарланып отыр.