×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Израиль президенті ХАМАС-пен бітімгершілік туралы мәлімдеді

20.12.2023, 08:01
Израиль президенті ХАМАС-пен бітімгершілік туралы мәлімдеді
Коллаж Ulysmedia

Израиль кепілге алынған адамдарды босату үшін ХАМАС-пен жаңа бітім жариялауға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ел президенті Итжак Герцог 19 желтоқсанда Израильде аккредиттелген дипломаттармен кездесуде мәлімдеді.

"Мен олардың кепілге алынғандарды босатудағы күш-жігері үшін алғыс білдірдім. Израиль кепілге алынғандарды босату үшін тағы бір гуманитарлық үзіліске дайын екенін және жауапкершілік толығымен ХАМАС басшылығына жүктелгенін түсіндірдім", - деді Израиль президенті.

Герцог Израильдің Палестина халқымен соғыспайтынын бөлек атап өтті.

"Біз қатыгез террорист жау ХАМАС-пен соғысып жатырмыз. Біз Газаның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп атап өтті Итжак Герцог.

Естеріңізге салсақ, 27 қарашада кепілге алынған 11 израильдік босатылды. Оның ішінде 9 бала мен 2 әйел бар.

Израиль тарапының хабарлауынша, бұрынғы тұтқындардың барлығы қос азаматтыққа ие. Оның ішінде Францияның үш азаматы, Германияның екі азаматы, Аргентинаның алты азаматы бар. Бостандыққа шыққаннан кейін олардың бәрі Израильдегі ең ірі жедел жәрдем мекемесі – астаналық «Сураски» медициналық орталығына жеткізілді.

Кепілге алынған тұтқындар ЦАХАЛ-дың жетекшілігімен Израильге жетті . Олардың айтуынша, тұтқындар Керем-Шалом БӨП арқылы Газа секторынан Израиль аумағына өткен.