×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Саясат, руханият, спорт: 2023 жылы кімдерден айырылдық

21.12.2023, 16:50
Коллаж Ulysmedia

Көзді ашып-жұмғанша 2023 жыл да зу етіп өте шықты. Ел өмірінде қызығы мен шыжығы мол сәттер аз болған жоқ. Ulysmedia.kz тілшілері биыл қайтыс болған елімізге танымал тұлғаларды еске түсіргенді жөн көрді.

Мәдениет және өнер

48 жасында композитор Арман Дүйсенов өмірден озды. Қашан көрсең күлімдеп жүретін сазгер әлі де хит әндерді жарыққа шығарар ма еді…

«Дархан Жүз» деген атпен танымал белгілі әнші Дархан Жүнісбеков 33-ке қараған шағында Тайландта жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Әнші Тай елінде демалысы кезінде мопед жүргізіп келе жатып апатқа ұшырады. 

«Дос-Мұқасан» ансамблін құруға атсалысқан азамат Александр Литвинов (1948-2023) 75 жасында қайтыс болды.

Осы атақты ансамбльдің солисі Ақжол Мейірбековтің (1950-2023) қазасы да өнерсүйер қауымның қабырғасын қайыстырды. 

Белгілі театр актері Асқар Наймантаев (1965-2023) ұзаққа созылған аурудан кейін ауруханада көз жұмды.

«Девушка-джигит» фильмінде басты рөл – Ғалияны сомдаған Қазақ ССР Халық әртісі Лидия Ашрапова (1935-2023) мәңгілік мекенге аттанып кетті.

Архитектор, мүсінші және суретші Сәкен Нарынов (1946-2023) артында көркем туындылар қалдырып кетті.

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлының (1950-2023) жаңа өлеңдерін енді оқи алмаймыз…

Саясат серкелері

71 жастағы белгілі мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың (1951-2023) қазасы да қазақстандықтар үшін ауыр қайғы болғаны рас. Ол әртүрлі жылдары ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімі болып қызмет еткен. Қазақстан тарихында 5 облысқа түрлі жылдары әкім болған Бердібек Мәшбекұлы халықтың алғысын сезініп кетті. 

Кезінде Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы болып қызмет еткен Зинаида Жукова (1924-2023) да мәңгілік мекенге аттанды.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенкодан да (1951-2023) көз жазып қалдық.

Сенатор, саналы ғұмырын білім-ғылым саласына арнаған менеджер Гүлмира Каримова (1977-2023) дүниеден өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш төрағасы Болат Баекенов (1942-2023) дүние салды.

Тарихшы ғалым, дипломат, саяси ғылымдардың докторы Мұрат Лаумулин (1959-2023) қайтыс болды.

Тұңғыш президенттің кіші інісі Болат Назарбаев (1953-2023) көз жұмды.

Белгілі журналист, қоғам белсендісі, оппозиционер Жасарал Қуанышалин (1949-2023) өмірден өтті.

Ғарышкер Александр Викторенко (1947-2023) қайтыс болды.

Спорт

Қазақстандағы алғашқы кәсіби боксшы Есболат Нұрмановтың (1970-2023) жүрегі мәңгілікке тоқтады.

Гимнастикадан Қазақстанның спорт шебері Аян Молдағалиев (2001-2023) мәңгілік сапарға аттанды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың шексіз мүмкіндігі барын іспен дәлелдеген қайсар қыз, театр актері, параспортшы Мәлика Мұхтарова (1999-2023) қыршын кетті.

Велоспортшы Дінмұхамед Ұлысбаев (1998-2023) та бұл өмірмен ерте қоштасты.

Ауыр атлет Владимир Седов (1988-2023) спорттық мансабын тәрк етіп, өзіне қол жұмсады.

Серіктес жаңалықтары