×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Энергетика: 14 университет бар, кадр жоқ

22.12.2023, 13:18
Ашық дереккөзден

Елдегі жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам маман қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  24.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде жылу энергетика инженерлері колледждерді есепке алмағанда еліміздің 14 университетінде даярланады. Мемлекеттік грант саны жыл сайын артып отыр. Себебі еңбек нарығындағы сұраныс жоғары.

Мамандардың айтуынша, мамандыққа деген сұраныс артқан сайын, грант саны да ұлғая түспек.

Алайда маманға деген сұраныс азаймай тұр. Алдағы жылдары еліміздің бірнеше қаласында 3 жылу электр станциясы салынады. Сарапшылардың есебінше, бір қазандық агрегатына қызмет көрсету үшін кем дегенде 600 қызметкер қажет екен.

Бұл ретте, осы өзекті проблеманы шешу жолдарын өскемендік жоғары оқу орындары ұсынып отыр. Жылу электр станциясы мен университеттің ортақ жобасы шеңберінде өндіріс ошақтарында оқу сыныптары ашылып жатыр.

Бағдарлама аясында студенттер оқу үрдісінің басым бөлігін осы жерде өткізеді. Оларға өз ісінің шеберлері жетекшілік етеді.

Осылайша, болашақ энергетиктер өз ісінің шебері атанған қызметкерлерден тәлім алады. Нәтижесінде кәсіпорын өзіне қажет мамандарды даярлайды. Жоба аясында студенттер жоғары білім алған соң бір жыл бойы өндіріс ошағында біліктіліктерін арттырады.

"Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы" ҚБ төрағасы Оразбек Бекбастың айтуынша, соңғы жеті жылда саладағы жас кадрлардың үлесі төмендеп, керісінше 50 жас санатында және одан жоғары жастағылар саны артып барады. Жаңадан қабылданған персоналдың 40%-і алғашқы жылы-ақ жұмыстан шығып кетеді екен.

Серіктес жаңалықтары