×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кісі өлтіргені, зорлық жасағаны үшін сотталған радикал Сирияға ұшып кетпек болған – ҰҚК

23.12.2023, 08:29
Кісі өлтіргені, зорлық жасағаны үшін сотталған радикал Сирияға ұшып кетпек болған – ҰҚК
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 желтоқсанда шетелге ұшып кетпек болған радикалдың ұсталғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

– 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады. Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған, – делінген комитет хабарламасында.

Комитет сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінгенін хабарлайды. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.