×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ресейде «жалаңаш жұлдыздар» кеші үлкен даумен, тұтқындаумен аяқталды

23.12.2023, 11:07
Ресей БАҚ-тарынан

Ресей блогері Настя Ивлеева ұйымдастырған «жалаңаштар» кеші z-блогерлердің ашуын туғызып, ол кешке қатысқандардың бірі тұтқындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Осы аптада Мәскеудегі «Мутабор» клубында тележүргізуші Настя Ивлееваның кеші өткен. Оған қонақ болып ресейлік шоу-бизнестің  жұлдыздары, almost naked (жалаңаш дерлік) киім кодын сақтауға міндеттелген. Дау осыдан басталған. 

Мәз-мейрам жұлдыздардың бұл кеші әскери блогерлерді, дума депутаттарын, қоғам белсенділері мен православиелік белсенділердің ашуына тиген. Қатысушылардың бірі рэпер VACIO әкімшілік қамауға алынып, ұсақ бұзақылық пен "ЛГБТ-ны насихаттады" деген айыпқа іліккен. Кешке қатысушылар оның мүлдем кінәсіз екенін айтады.

20 желтоқсанда өткен кешке әншілер Джиган, Дима Билан мен Филипп Киркоров, әншілер Лолита Милявская және Глюкоза (Наталья Чистякова-Ионова), жүргізушілер Ксения Собчак және Алена Водонаева, модель Оксана Самойлова барған.

Дрес-код шарттары бойынша кешке келушілер клубта жалаңаш жүруге міндеттелген. Олардың көбі жартылай ашық киімді таңдаған. Қонақтардың бірі, рэпер VACIO (Николай Васильев) жыныс мүшесі тұсына киілген бір шұлықпен ғана жеткен.

«Мутабордан» тараған  фотосуреттер Ресейде қоғамның ашуын туғызған. Бірінші болып телеграм-арналардағы соғысты қолдайтын блогерлер назар аударған. Олар мұндай іс-шара Украинамен соғыстың бел ортасында өткеніне ашулы.

– Жаяу әскердің сарбазы танкке қарсы ұмтылады, мүмкін бұл оның соңғы ерлігі шығар. Сарбаздар еріген қар мен жаңбыр суын кешіп, соғысып жүр. Дәл сол уақытта дәл сол сарбазбен жасты басқа біреу шұлықпен ғана жалаңаш кеште жүр, – деп жазған соғыстың қолдайтын публицист Марина Ахмедова.

"Соғыс уақытындағы мерекенің" мән-жайы тексерілуі керектігі туралы прокуратура мен ІІМ-ге арызды бірінші болып "Қырықтың қырығы" діни қозғалысы жіберген.

ІІМ басшысы Владимир Колокольцевтің, СҚР басшысы Александр Бастрыкиннің және Бас прокурор Игорь Красновтың атына осындай хатты "Зов народа" оңшыл қозғалысы да жіберді. Олар қатысушылардан "ЛГБТ насихаттауға" тыйым салу туралы заңның орындалуын тексеруді сұраған. 

22 желтоқсанда Мәскеудің Лефортов аудандық соты кешке шұлықпен ғана кешке қатысқан рэпер Николай Васильевті (Vacio) тұтқындады. Ол ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 20.1-бабының 2-бөлігі) және "ЛГБТ насихаты" (ӘҚБтК-нің 6.21-бабының 3-бөлігі) үшін кінәлі деп танылды. Жалпы алғанда, ол 15 күн қамауға алынып, 200 мың рубль айыппұл төлейтін болды.

"Мен ол жақта по....спортпен шұғылданамын. Кітап оқимын, – деген тұтқындалар алдында рэпер.

Серіктес жаңалықтары